Маңғыстау облыстық ПД бастығы тұрғындарды жеке қабылдады
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің бастығы азаматтарды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесулер әр сәрсенбі және бейсенбі күндері өтеді.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы Сағындық Аяғанов азаматтарды жеке қабылдады.
Қабылдау барысында азаматтар полиция қызметі мен қоғамдық қауіпсіздікке қатысты өздерін толғандырған сұрақтарды талқылауға, сондай-ақ нақты жағдайлар бойынша кеңес пен ұсыныстар алуға мүмкіндік алды.
Белгіленген кестеге сәйкес, азаматтарды қабылдау апта сайын сәрсенбі және бейсенбі күндері өткізіледі. Облыс тұрғындары департамент басшылығымен жеке кездесу өткізіп, мәселелі сауалдарды шешу үшін алдын ала жазыла алады.
Екі күн ішінде өңірдің бас полицейі түрлі сұрақтар және ұсыныстармен келген 7 тұрғынды қабылдап, тиісті қызмет басшыларына нақты тапсырмалар берді.