Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облыстық ПД-да құқық қорғау органдарында қызмет ететін әйелдерге құрмет көрсетілді

Маңғыстау полиция департаменті 8 наурыз мерекесіне орай салтанатты іс-шара өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Маңғыстау облысы полиция департаментінде құқық қорғау органдарында қызмет ететін әйелдерді құрметтеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.

Шара басында департамент бастығы Сағындық Күзембайұлы жеке құрамға арнап сөз сөйлеп, барша нәзік жанды қызметкерлерді мерекемен құттықтап, олардың адал еңбегі мен қызметіне алғыс білдіріп, амандық пен бақ-береке, табыс тіледі. Сонымен қатар іс-шараға қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің аналары да қатысып, оларға ерекше құрмет көрсетілді.

Ресми бөлім аясында Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы Сағындық Аяғанов өзінің атынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов пен Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың атынан алғыс хаттар табыстады. Сонымен қатар бірқатар қызметкер әйелдерге мерзімінен бұрын және белгіленген тәртіппен кезекті арнайы шендер табысталды. Марапаттар полиция қызметкерлеріне олардың жоғары кәсібилігі, адалдығы және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі елеулі үлесі үшін берілді.

Сондай-ақ мереке аясында Мұнайлы ауданындағы №5 жалпы білім беретін мектептің Исанов Асиса Қошмұханұлы атындағы 6 “А” кадет сыныбының оқушылары департаментке арнайы келіп, салтанатты іс-шараға қатысты. Кадет сыныбының оқушылары "Үздік жас сақшы" атағын иеленсе, сынып жетекшісі Мәншүк Бабаджанова департамент бастығының Алғыс хатымен марапатталды.

Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды, онда музыкалық нөмірлер орындалды. Жылы құттықтаулар мен алғыс сөздерге толы шара құқық қорғау жүйесіндегі әйелдердің маңызды рөлін айшықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру