Маңғыстау облыстық полиция департаментінде КСО-ның кезекті отырысы өтті
Маңғыстау облысы бойынша полиция департаментінің бастығы Сағындық Аяғанов Консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жиында полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған нақты мәселелер талқыланды.
Кездесу барысында тәлімгерлік пен жас қызметкерлерге тәжірибе беруге ерекше назар аударылды. Осыған байланысты КСО мүшесі, полицияның тәжірибелі зейнеткері Оңайбек Әбділов өзінің жеке әзірлеген оқу материалдарымен бөлісуге ұсыныс алды. Бұл кітаптар кәсіби тәрбиелеу мен кадрларды дайындаудың негізгі аспектілерін қамтиды және жас полицейлердің дамуына құнды үлес қоса алады.
Жиын соңында полиция департаментінің бастығы КСО мүшелеріне куәліктер табыстап, құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдірудегі олардың маңызды рөлін атап өтті.
Видео • YouTube