Маңғыстау облыстық ҚАЖ мекемесінде жұмыс берушілермен дөңгелек үстел өтті
Маңғыстау облыстық ҚАЖ мекемесінде жұмыс берушілермен дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №43 мекемеде жұмыс берушілермен дөңгелек үстел форматында жұмыс кездесуі өтті.
Іс-шара мекеме бастығының орынбасары Азат Шабиковтың төрағалығымен ұйымдастырылды. Кездесуге жеке кәсіпкерлер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің өкілдері, сондай-ақ сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында сотталғандарды еңбекке тарту тетіктері, еңбек шарттарын заңнама талаптарына сәйкес рәсімдеу, еңбекақының уақытылы төленуі және өндірістік қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелері талқыланды. Тараптар өзара тәжірибе алмасып, туындаған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Кездесудің басты мақсаты – сотталғандардың еңбек құқықтарын сақтау, тұрақты жұмыспен қамтуды дамыту және жұмыс берушілермен тиімді әріптестік орнату. Мұндай форматтағы кездесулер алдағы уақытта да жалғасын тауып, еңбек қатынастарын жүйелі түрде жетілдіруге бағытталмақ.
