Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облыстық ҚАЖД-ның автопаркі жаңа қызметтік көліктермен толықты

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің материалдық-техникалық базасы заманауи автокөліктермен толықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алынған Chevrolet Cobalt қызметтік көліктердің кілтін облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай салтанатты түрде табыстап, пробация қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін сапалы атқаруға сәттілік тіледі.

Толық жетекті жаңа автокөліктер департаменттің қалалық және аудандық пробация қызметтеріне үлестірілді. Бұл көліктер пробация есебіндегі азаматтардың тұрғылықты жеріне жедел жетіп, оларға қажетті құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетуге, сондай-ақ бақылау іс-шараларын уақытылы және тиімді жүзеге асыруға зор мүмкіндік береді.

Айта кету керек, 2025 жылғы 23 маусымда өткен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пробация қызметінің жұмысын жандандыру және оның материалдық-техникалық әлеуетін арттыру қажеттігін ерекше атап өткен болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру