Маңғыстау облысы бойынша 26 мобильді мониторинг тобы құрылды
Маңғыстау полиция ведомствосы карантин талаптарын бұзғандарды анықтау бойынша аймақта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаевтың айтуы бойынша, бұл жұмыс үшін облыста арнайы мониторингтік топтар құрылды, олардың құрамына жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері мен полиция қызметкерлері кірді. Облыс бойынша 26 мобильді мониторинг тобы құрылды.
– Азаматтардың көп болатын жерлеріне тұрақты тексеру жүргізіледі. Бұдан басқа, жедел бөлімшелер санитарлық дәрігердің талаптарына қарамастан жұмыс істейтін массаж салондарын, сұлулық студияларын, барларды, мейрамханаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде. Арнайы рейдтік іс — шаралар барлық жерде және тұрақты негізде жүргізіледі, – деп атап өтті полиция басшысы Ж. Бақтыбаев.