Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД-да әйел қауымын мерекемен құттықтады
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД-да әйел қауымын мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға қызметкерлердің аналары, жүйенің ардагерлері шақырылды.
Аймақ департаментінде және ведомстволық бағынысты мекемелерде 80-нен астам әйел жұмыс істейді. Олардың әрқайсысы қылмыстық-атқару жүйесінің дамуына өз үлесін қосуда және ерлермен тең дәрежеде қызмет етеді.
– Біздің ҚАЖ департаментінің барлық ер азаматтарының атынан сіздерді келе жатқан көктем мерекесімен құттықтаймын және қажырлы еңбегіңіз үшін үлкен алғыс білдіремін. Сізге шын жүректен зор денсаулық, бақыт пен қуаныш тілеймін. Әр күндеріңіз сіздерге және сіздің жанұянызға тек қана жақсылық пен игілік әкелсін, – деді өз құттықтауында ведомство басшысы Алтынбек Қалиев.
Кештің салтанатты бөлігі үздік қызметкерлерді марапаттаумен жалғасты. Алтынбек Тұрарұлы әуелі аналар мен ардагерлерге алғыс хаттар табыс етті. Отыздан астам қызметкер жұмыстағы жоғары көрсеткіштері, кәсібилігі, қойылған міндеттерге қол жеткізудегі табандылығы үшін ерекшелік белгілеріне, грамоталарға және алғыс хаттарға ие болды.
Сондай-ақ, бұл күні залда мерекелік көктемгі көңіл-күйді талантты қызметкерлер мен жергілікті әртістердің өнерлері көтерді. Олар белгілі композиторлардың анаға, қыздарға арналған әндерін айтып, нәзік жандарды қуанышқа бөледі.