Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД-да Халықаралық ынтымақтастық күні аталып өтті
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тергеу изоляторында Халықаралық ынтымақтастық күні аталып өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара сотталғандардың өзара түсіністігі мен қолдауын нығайтуға бағытталған әңгімелесу және психологиялық ойыннан тұрды.
Инспектор-психолог Тоғжан Жиенбаева сотталғандармен әңгіме өткізіп, адамдар арасындағы өзара құрмет пен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Аға инспектор-теолог Мұрат Орынбай бірлік пен төзімділікке негізделген рухани құндылықтарға тоқталып, олардың қоғамдағы рөлін түсіндірді.
Сотталғандар қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және командада жұмыс істеуге бағытталған психологиялық ойынға белсене қатысты. Ойын қатысушыларға бір-бірін жақсырақ түсінуге және қолдау сезінуге мүмкіндік берді.
Мұндай іс-шаралар сотталғандарды қайта әлеуметтендіру бағдарламасының маңызды бөлігі болып табылады, олар оң құндылықтарды қалыптастырып, әлеуметтік байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.