Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД-да үздік жасақ бастығын анықтады
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД-да үздік жасақ бастығын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысының пенитенциарлық жүйесінде әртүрлі лауазымдар бар, олар өзінше маңызды және қызықты. Көптеген лауазымдар туралы ҚАЖ-мен байланысы жоқ адамдар тіпті білмейді де, өйткені бұл лауазымдар сотталғандармен тікелей байланысты емес. Бірақ көптеген адамдар білетін лауазымдар бар, негізінен теледидардан, бұқаралық ақпарат құралдарынан, өзге де ақпарат көздерінен білуі мүмкін. Бұл қызметкерлердің міндеттеріне сотталғандармен күнделікті жұмыс кіреді.
Жасақ бастығының лауазымы сотталғандармен тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімнің құрылымына кіреді.
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәжіліс залында үздік жасақ бастығы атағына байқау өтті. Байқау бес кезеңнен тұрды: жасақ бастығының сәлемдесуі, бейнероликте бір жұмыс күнін көрсету, медициналық және кәсіби дайындық, құжаттаманы жүргізу және шығармашылық нөмір.
ГМ-172/6, ГМ-172/8 және ГМ-172/10 мекемелері отрядтарының үш бастығы өзара сайысқа түсті.
Сонымен, әділқазылар алқасының берген бағасы бойынша кәсіби шеберлік байқауында үшінші орын ГМ-172/8 қауіпсіздігі ең төмен мекемесінің Азатбек Ақпанбетке, екінші орын ГМ-172/10 қауіпсіздігі аралас мекемесінің өкілі Үмітай Бисенбековаға бұйырды.
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД-да «Үздік жасақ бастығы» атағын және жеңімпаз кубогын ГМ-172/6 мекемесінің жасақ бастығы Нұрсұлтан Әтірхан алды.