Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде сотталғандарға мотивациялық тренинг өткізілді

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде сотталғандарға мотивациялық тренинг өткізілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №43 мекемесінде “РАЙ” шұғыл әлеуметтік көмек көрсету орталығының мамандары сотталған тұлғаларға арналған мотивациялық тренинг өткізді.

Іс-шара барысында өмірлік қиындықтарды еңсеру, күйзелісті басқару, ішкі ресурстарды дамыту тақырыптары қамтылды. Қатысушыларға эмоцияны басқару, қарым-қатынас дағдылары және оң ойлауды қалыптастыру тәсілдері түсіндірілді.

Мұндай тренингтер сотталғандардың қоғамға қайта бейімделуіне, құқық бұзушылықтың алдын алуға және мекемедегі психологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру