Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД қызметкері алғыс хатпен марапатталды

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №77 мекемесінде қызмет ететін Бақыт Жапарқұлов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл марапат әділет кіші лейтенантының еңбегіне берілген ерекше құрмет. №77 мекемесінде режим және күзет бөлімінің инспекторы ретінде ол тек қана өз саласының кәсіби маманы болып қалмай, ел дамуы үшін маңызды шараларға да белсенді түрде атсалысты. Оның ішінде, атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдумды дайындау мен өткізу жұмыстарына қосқан үлесі ерекше аталды.

Марапатты табыстау барысында департамент бастығы Алтынбек Қалиев, бұл жетістікті тек Жапарқұловтың емес, жалпы департаменттің абыройы деп атап өтті.

– Әріптесіміздің еңбегі ел игілігі үшін маңызды. Оның табандылығы мен адалдығы көпке үлгі, – деді ол.

Бақыт Жапарқұловтың табысы – қызметтегі адалдық пен азаматтық жауапкершіліктің айқын үлгісі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру