Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері ағаш отырғызу акциясына қатысты
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері жаппай ағаш отырғызу акциясына қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері, оның ішінде жас мамандар да жаппай ағаш отырғызу акциясына қатысты.
Наурыз – табиғаттың жаңаруымен қатар, адамзаттың да тазарып, жаңа бастамаларға қадам басатын уақыты. Осы орайда ҚАЖД ұжымы қоршаған ортаны көгалдандыруға өз үлесін қосып, экологиялық мәдениетті дамытуды мақсат етіп отыр. Егілген әрбір ағаш – табиғатқа жасалған қамқорлық пен болашақ ұрпаққа қалдырылған мұра.
Қызметкерлердің айтуынша, бұл шара тек бір реттік акция емес, жыл сайын дәстүрге айналатын игі бастама. Табиғатты аялау – өмірді аялау, ал жасыл желек – таза ауа мен сұлулықтың белгісі.