Маңғыстау облысы ПД басшысы ведомствоаралық топ мүшелерімен жиналыс өткізді
Маңғыстау облысы ПД басшысы сервистік полиция моделін іске асыру бойынша құрылған ведомствоаралық топтың мүшелерімен жиналыс өткізді, – деп хабарлай Polisia.kz.
17 наурыз күні Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығы Аян Дүйсембаев сервистік полиция моделін іске асыру бойынша құрылған ведомствоаралық топтың мүшелерімен жиналыс өткізді. Жиналыс барысында топ жұмысының нәтижесі қаралды.
Ел Президенті Қ.Тоқаевтың “Жаңа Қазақстан” атты халыққа үндеуіндегі тапсырмаларын, оның ішінде осы сервистік модель бойынша қызмет атқарудың маңыздылығын өңірдің полиция басшысы тағы бір мәрте түсіндіріп өтті.
Аян Дүйсембаев топ мүшелерінің әрқайсысымен тілдесіп, пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, жұмысты одан әрі жандандыру үшін бірқатар нақты тапсырмалар берді.