Маңғыстау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары қала аумағын патрульдеді
Маңғыстау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары қала аумағын патрульдеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің бірінші орынбасары Болатбек Ақшауов қала аумағындағы тәртіп пен қауіпсіздікті бақылау үшін жүргізушілермен тілдесіп, олардың ұсыныстары мен арыз-шағымдарына құлақ түру мақсатында қала аумағын патрульдеуге шықты.
Патрульдеу барысында басты назар жол ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілерге, тыйым салынған жерлермен жолды кесіп өтетін жаяу жүргіншілерге, полицияның стационарлық посттарындағы бейнебақылау камераларымен жұмыс жасау тәртібіне және жолдағы кемшіліктерді талдауға аударылды.
Болатбек Ақшауов жол және техникалық сала полицейлерімен талқылаулар жүргізіп, жол қауіпсіздігін тексере келе патрульдік полиция батальоны командиріне нақты тапсырмаларын берді.