Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы ПД бастығының орынбасары жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Маңғыстау облысы ПД бастығының орынбасары жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында "Қауіпсіз жол" акциясы жалғасуда. Іс-шараның орындалуы Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Алижан Мейрмановтың бақылауында. Полиция қызметкерлері жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жолдың авариялық қауіпті учаскелерін тексеруде және құқықбұзушылықтарды анықтау үшін дрондарды белсенді қолдануда.

Профилактикаға ерекше мән беріліп, автокөлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін сақтау мен рөлде мұқият болудың маңыздылығы түсіндірілуде. Бұрын жол-көлік оқиғалары жиі тіркелген учаскелерде патрульдік нарядтар күшейтілген режимде қызмет атқаруда, бұл кез келген жағдайға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды сақтық танытуға, жол ережелерін қатаң сақтауға және жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру