Маңғыстау облысы ПД-да мерекелік салтанатты іс-шара өтті
Маңғыстау облысы Полиция департаментінде мерекелік салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Маңғыстау облысы Полиция департаментінде мерекелік салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бастығы Марат Абдильманов және Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев қатысты.
Салтанатты іс-шара Тудың шығарылуы және Қазақстан Республикасының Әнұранының орындалуымен басталып, қызметкерлерді марапаттау рәсімі және жеке құрам дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Іс-шара барысында Ішкі істер министрінің және өңірлік Полиция департаменті бастығы бұйырығымен де бірқатар полицейлер марапатқа ие болды. Салтанатты түрде қызметкерлердің омырауы тағы бір медальмен толықса, бір қызметкерлер кезекті және мерзімінен бұрын арнайы шендерін алды. Ішкі істер министрінің бұйрығына сай, “Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері” төсбелгісімен Департамент бастығының орынбасары Болатбек Ақшауов пен ПД Штаб басқармасының бастығы Александр Попов марапатталды. Одан бөлек, 30 қызметкер “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі” медальі, II дәрежелі “Ішкі істер органдарының үздігі” төсбелгісі, ІІМ алғыс хаты мен грамотасы және алғыс жариялануымен ерекшеленсе. Өз қызметтік міндеттерін адал, жауапкершілікпен атқарғандары үшін тағы 30 қызметкер Маңғыстау облысы ПД бастығы бұйрығымен түрлі марапаттарға ие болды.
Марапатталғандардың қатарында ІІО ардагерлері мен қызметкерлердің ата-аналары да болды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бастығы Марат Абдильманов та бірлескен қызметтері үшін алғыс білдіріп, өз атынан бірқатар қызметкерге алғыс хат табыстады.
– Тәуелсіздігіміз қазақ елінің маңдайына тағылған жұлдызы, ерлікпен келген бұл жеңіс барлығымыз үшін маңызды. Ел тыныштығы жолында еңбектеріңізге табыс, зор денсаулық береке-бірлік тілеймін және қызметтері үшін алғысымды білдіремін. Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы құтты болсын,- деп Жанарбек Бақтыбаев құттықтау сөзін айтып, қонақ болып келушілерге алғысын білдірді.