Маңғыстау облысы ПД-да шағын футболдан чемпионаттың ашылу салтанаты өтті
Маңғыстау облысы ПД-да шағын футболдан чемпионаттың ашылу салтанаты өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Полициясына 30 жыл толуына орай Маңғыстау облысы Полиция департаменті “Динамо” спорт кешенінде департамент аппаратының басқармаларының қызметкерлері арасында өткізілетін шағын футбол чемпионатының ведомства бастығы Аян Дүйсенбаевтың қатысуымен ашылу салтанаты өткізілді. Чемпионат осы жылдың желтоқсан айына дейін айналым бойынша ай сайын екі кезеңге бөлініп өткізілетін болады.
Іс-шара мақсаты – қызметкерлер арасында осы спорт түрін дамыту. Барлығы жарысқа әр сала қызметкерлерінен құралған 12 команда қатысады.
Ашылу салтанатында қатысушылардың барлығы сап түзеп, ҚР Туы салтанатты түрде ортаға шығарылып, Әнұран шырқалды. ПД бастығы Аян Дүйсембаев алғысөз сөйлеп, чемпионатта бақ сынайтын командаларға сәттілік пен жеңіс тіледі.