Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы ПД-да жедел кеңес отырысы өтті

Маңғыстау облысы ПД-да жедел кеңес отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz

19 шілдеде Маңғыстау облысының Полиция департаментінде жедел кеңес өтті, онда осы жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жедел-қызметтік іс-әрекеттің қорытындылары шығарылды. Маңғыстау полицейлері қызметінің қорытындылары туралы ведомство бастығы Аян Дуйсембаевқа баяндады. Кеңесте тәртіп сақшыларының қызметінде кездесетін проблемалық мәселелер талқыланды және оларды шешу жолдары белгіленді.

– Есептік мерзімде меморандумда және ІІМ-нің стратегиялық жоспарында көзделген барлық нысаналы индикаторларға қол жеткіздік. Маңғыстау облысындағы жедел жағдай тұрақты, – деп атап өтті Маңғыстаудың бас полицейі.

Ол қатысушыларға ІІМ-нің 14 шілде күні өткен кеңейтілген алқа отырысында Ішкі істер министрі М. Ахметжановтың қойған міндеттерін жеткізіп, сын-ескертпелері мен жаңа бағыттағы жұмыстар бойынша талап қойды. Жедел кеңес барысында күн тәртібіне екі үлкен мәселе қойылды. Оның бірі – өңірдегі жол қауіпсіздігі болса, екіншісі бөтеннің мүлкін ұрлау, оның ішінде мал ұрлығы болды.

Өңірде тіркелген қылмыстар саны 6,6%-ға төмендеген, сондай-ақ құқық бұзушылық деңгейі де қысқарды. Жалпы алғанда өңірде, аса ауыр, орта, жеңіл санаттағы қылмыстар саны төмендеді. Қылмыс ашу көрсеткіші 1,4%-ға жақсарды.

Жол-көлік оқиғаларын азайту бағытында қабылданып жатқан іс-шараларға қарамастан, алты айда облыс көлемінде жол-көлік оқиғаларының саны өткен жылмен салыстырғанда өскен. Алайда полицейлер бұл бағыттағы алдын алу және болдырмау жұмыстарын әлі де күшейтпек. Атап өтсек, жол-көлік оқиғаларының басым көпшілігі 50 пайызға жаяу жүргіншілердің қатысуымен қала-аудандардың елді-мекендерінің ішкі жолдарында орын алған.

Мал ұрлығы республикада оның ішінде Маңғыстау облысында өзекті мәселелердің бірі екені мәлім. Осы жылы тіркелген мал ұрлығы қылмыстарының барлығы ашылған. Полицейлер мал иелерімен бірлесіп, мал басын бірдейлендіру, қылмыстың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар атқаруда.

Сондай-ақ, мектептердегі бейнебақылау камералары мен түймелерде отырыс барысында ерекше аталып өтті. Өйткені балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі қай кезде де басты назарда. Қазіргі уақытта облыстағы 147 мектептің бейнебақылау камерасы Жедел басқару орталығына қосылған. Одан бөлек, облыс орталығында адамдар көп шоғырланатын бес мекенжай бойынша SOS батырмалары орналастырылды.

Жедел кеңесте ведомство бастығы жиынға қатысушыларға ҚР Президенті мен министрлік тарапынан артылған сенімнің зор екендігін атап айтты, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді жауапкершілікпен атқаруды тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру