Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы ПД қызметкерлері мен студенттер есірткіге қарсы рейдтік шараға шықты

Маңғыстау облысы ПД қызметкерлері мен студенттер есірткіге қарсы рейдтік шараға шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен Ақтау қаласы аумағында есірткі жарнамаларын жою мақсатында Yessenov University студенттерімен бірлесе рейдтік іс-шара өткізілді.

Аталған шараға ПД кинологиялық орталығының мамандары мен полицияның сенімді серіктесі – қызметтік ит те белсенді түрде атсалысты.

“Құқықтану” білім беру бағдарламасында оқып жатқан жастарда полиция қызметіне деген қызығушылық мол. Басым бөлігі болашақтарын осы қызмет түрімен байланыстырмақ.

Тәртіп сақшылары мен студенттер шағын аудандар ішін, тұрғын үйлердің сырттарын аралап, есірткі сату, тасымалдаумен айналысуға үгіттейтін сілтемелер көрсетілген жарнамаларға тосқауыл қойды.

Шараның басты мақсаты – ел жастарын салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау, полиция мен халық арасындағы қарым-қатынасты нығайту, нашақорлыққа қарсы күресті бірге жүргізу.

Мұндай негіздегі іс-шаралар өңірде тұрақты түрде жүргізіліп тұрады. Алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру