Маңғыстау облысы полиция департаментінде салтанатты іс-шара ұйымдастырылды
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Маңғыстау облысы полиция департаментінде салтанатты іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ПД бастығы Сағындық Аяғанов жеке құрамды мемлекеттік мейраммен құттықтады.
Атаулы күнде полиция қатарына қабылданған жас полицейлер қызметте адал болуға, Отанды абыроймен қорғауға серт беріп, ресми түрде ант қабылдады.
Сонымен қатар дәстүр бойынша мерекеге орай қызмет бабында жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, өздеріне жүктелген міндеттерді мінсіз атқарған бірқатар полиция қызметкері марапатталды.
Атап айтсақ, ішкі істер министрі Ержан Саденовтің бұйрығымен 17 тәртіп сақшысы, ал полиция департаментінің грамота, алғыс хаттарымен 49 қызметкер марапат алды.
Ішкі істер органдарында ұзақ жылдар қызмет етіп, тәртіп пен заңдылықты нығайтуға қосқан үлестері үшін ІІО-ның үш ардагеріне грамота, Құрмет грамоталары табыс етілді.