Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы Полиция департаментінде жедел кеңес өтті

Маңғыстау облысы Полиция департаментінде жедел кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсембаевтың төрағалығымен маңғыстаулық полицейлердің осы жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмыс нәтижесін қорытындылау жедел кеңес отырысы өткізілді.

Жедел кеңеске департамент бастығының орынбасарлары мен қала, аудан полиция бөліністерінің бастықтары қатысты.

– Мемлекет басшысының “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын, “полицияның қадамдық қолжетімділік” қағидатын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау – министрліктің ерекше бақылауында. Бұл модульдік посттарды, “дабыл түймелерін” орнату, білім беру ұйымдарының бейнекамераларын полицияның бөліністеріне қосу, ықшамды патрульдеуді ұйымдастыру және қатарымыздағы сыбайлас жемқорлықпен күрес. Облысымызда азаматтардың өздерін қауіпсіз сезінуі – біздің басты міндетіміз. Биылғы жыл мемлекет басшысының жарлығымен “Балалар жылы” болып жарияланды. Осыған орай білім беру ұйымдары мен балабақшалардағы бейнебақылау камераларын полиция бөліністеріне қосуды тапсырамын. Біз үшін балалардың қауіпсіздігі маңызды, – деді Маңғыстау облысы ПД бастығы Аян Дүйсембаев.


Өз сөзінде ол өңірдегі жедел жағдайға тоқталып, қылмыс санының төмендегендігін және жол қауіпсіздігі мен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелерін де атап өтті.

11 сәуірде өткен кеңейтілген Алқа отырысындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ескертпелері мен министрдің жаңа бағыттағы жұмысы бойынша талаптар қойылды.

Жедел кеңесте департамент бастығы жиынға қатысушыларға министр тапсырған құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді жауапкершілікпен атқаруды тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру