Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы «Police 102» мобильді қосымшасын пайдалануға шақырады

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы «Police 102» мобильді қосымшасына тіркеліп, өңір тұрғындарын аталған қосымшаны пайдалануға шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 ақпаннан бастап ҚР ІІМ халыққа ыңғайлы жаңа сервис – » 102 » мобильді қосымшасын іске қосты.

Жанарбек Бақтыбаев өңір тұрғындарын жаңа қызметті белсенді пайдалануға, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қорғау ісіне атсалысуға шақырды.

– Қоғамдық тәртіпті қорғау ісінде ең үлкен жетістікке құқық қорғау органдарымен бірге халық белсенділік танытқан жағдайда ғана қол жеткізуге болады. Сондықтан азаматтардан қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы дереу хабарлауды, құқық бұзушылықтарды анықтау мен қылмыстарды ашуда полиция қызметкерлеріне көмек көрсетуді сұраймыз. Полиция қызметкерлері әрбір азаматқа көмек қолын созуға дайын, – деді облыстың бас полицейі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру