Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында ҚАЖД қызметкерлері студенттермен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді

Маңғыстау облысы ҚАЖ департаменті студенттермен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлері Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің "Құқықтану" және "Психология" мамандықтарының студенттерімен кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өткізді.

Іс-шара университеттің филология ғылымдарының кандидаты, профессор Нағбду Қамарованың ұйымдастыруымен өтті. Кездесу барысында ҚАЖД қызметкерлері пробация қызметінің жұмысын, түзеу мекемелерінің қызметін, мамандарға қойылатын талаптарды және саладағы күнделікті міндеттерді таныстырды. Студенттерге қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы жұмыс ерекшеліктері туралы толық ақпарат беріліп, олардың қойған сұрақтарына нақты жауаптар ұсынылды.

ҚАЖ департаменті осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізіп, жастарға кәсіби бағдар беруді, құқықтық мәдениетті қалыптастыруды және болашақ мамандарға сала туралы толық мәлімет ұсынуды мақсат етіп отыр.

- Құқық қорғау саласына қызығушылық танытатын жастарды қолдау біздің міндетіміз. Осы сияқты кездесулер арқылы біз болашақ мамандарды салаға баулып, олардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге өз үлесімізді қосамыз. Құқық қорғау қызметінде жұмыс істейтін мамандар тек заңды ғана емес, қоғамның моральдық құндылықтарын да жоғары ұстануы қажет, - деді ҚАЖ департаментінің тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің бастығы Қасымбек Ағдалов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру