Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы ҚАЖД мекемесінде медицина мамандары түсіндіру жұмысын жүргізді

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаменті №77 мекемесінде облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының медициналық қызметкерлерінің қатысуымен профилактикалық кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Орталық мамандары жоспарлы сапар аясында мекеме қызметкерлері мен жазасын өтеушілерді тексеруден өткізіп, АИВ инфекциясының алдын алу бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Медициналық мамандар АИВ-тің жұғу жолдарын, қазіргі диагностика әдістерін, жеке қорғану шараларын және қауіпсіз мінез-құлық ережелерін толық түсіндірді. Сонымен қатар АИВ-пен өмір сүретін адамдарға қатысты стигманы төмендету және дұрыс көзқарас қалыптастыру мәселелері де қаралды.

Кездесу барысында қызметкерлер де, жазасын өтеушілер де ерікті түрде тестілеуден өтті.

Осындай профилактикалық шаралар ұжымның ақпараттылық деңгейін арттыруға, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті күшейтуге және қызметкерлер мен арнайы контингент арасында денсаулыққа жауапкершілікті қалыптастыруға септігін тигізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру