Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында 10-нан астам пробация есебіндегі тұрғынға көмек көрсетілді

Бейнеуде 10-нан астам пробация есебіндегі азаматқа көмек көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты Бейнеу аудандық пробация қызметкерлері "FCM Social" мобильді қосымшасы арқылы есептегі заматтарға әлеуметтік қолдауды күшейтіп келеді.

Қосымша іске қосылғаннан бері 10-нан астам сотталғанға көмек берілген. Олардың қатарында материалдық және моральдық қолдау, әлеуметтік-психологиялық көмек, медициналық жәрдем және жұмысқа орналастыру шаралары бар.

Бұдан бөлек, пробация есебіндегі отбасылардың балаларына мектепке қажетті рюкзактар мен оқу құралдары табысталды. Бұл жұмыстар отбасыны қолдау орталығымен, жұмыспен қамту орталығымен және прокуратурамен бірлесе атқарылды.

Жақында қосымша арқылы түскен өтініштің нәтижесінде, 47 жастағы 7 баланың әкесі тұрақты жұмыспен қамтылды. Ол "Бейнеусусервис" мекемесіне қадағалаушы болып орналасты.

- Тұрақты жұмысқа орналасу – пробация есебіндегі азаматтардың қоғамға бейімделуіне, отбасылық жағдайын жақсартуға және қайта құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді, – дейді пробация қызметінің инспекторы Марат Озғанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру