Маңғыстау облысында 50-ден астам граффити жазуы жойылды
Маңғыстау облысында "Stop граффити" рейдтік іс-шарасы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 16 қарашада Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстың Кинологиялық орталығының қызметкерлерінің қатысуымен 8-777-289-54-80 WhatsApp жедел желісінің нөміріне келіп түскен мекенжайларды анықтау және тексеру бойынша Ақтау қаласының шағын аудандары бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді.
Сонымен қатар, Telegram қосымшасындағы топтар мен чаттарға әртүрлі сілтемелері бар, түрлі есірткі құралдары мен психобелсенді заттарды жарнамалаумен және сатумен айналысатын 50-ден астам граффити жазуы жойылды.
Өткізілген рейд барысында Ақтау қаласының тұрғындарына есірткіні жарнамалауға және өткізуге қатысудың, атап айтқанда, интернет сайттар мен хабарламалар чаттар арқылы қатысудың құқықтық салдары, сондай-ақ жаңа синтетикалық есірткілер мен олардың аналогтарын қолданудың қауіптілігі мен салдары түсіндірілді.