Маңғыстау облысында 55 шетелдік азамат елден шығарылды
Ағымдағы жылдың басынан бастап ҚР-ның заңнамасын бұзғаны үшін Маңғыстау облысынан 55 құқық бұзушы шетелдік елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Елдегі болу мерзімі аяқталған, тұрғылықты мекен жайын жиі ауыстырып, осындағы туған-туыстарының үйлерін сағалаған қос бірдей Әзірбайжан мен Өзбекстан азаматы анықталды. Материалдар сотқа жолданды. Әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері дәлелденген 45 жастағы Өзбекстан азаматына Қазақстан шекарасынан 5 жылға өтуге тыйым салынып, елден шығаруға үкім шығарылды.
«Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 340 шетелдік азамат тартылды. Көп жағдайда шетелдіктер көші-қон қызметіне хабарламастан тіркеу мерзімдерін өткізіп алады немесе тұрғылықты жерін өзгертеді. Шетел азаматтары ел аумағында 30 күн тіркеусіз жүріп, соңғы уақытта тіркелуге болады деп ойлайды. Алайда көрсетілген мерзімнен үш жұмыс күні кешіккен жағдайда ескерту беріліп, әкімшілік жазаға тартылады. Тиісінше сот шешімі арқылы етден шығару қолға алынады.