Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында балалар қауіпсіздігіне байланысты жиын өтті

Маңғыстау облысында балалар қауіпсіздігіне байланысты жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 желтоқсан күні Достық үйінде облыс әкімі Н.Ноғаевтың төрағалығымен “Отбасы-тұрмыстық бұзушылықтар және кәмелет жасқа толмағандардың құқықтары мен мүддесін қорғау салаларындағы мәселелер туралы” тақырыбында жиын өткізілді.

Дөңгелек үстелге Маңғыстау облысы ПД бастығы Аян Дуйсембаев, өңірдің бас прокуроры және прокуратура қызметкерлері, қала-аудан полиция бөлімдерінің бастықтары және жергілікті полиция қызметі басқармасының басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ білім, денсаулық басқармасы, ата-аналар комитетінің өкілдері қатысты.

Шара барысында қоғам алдындағы басты проблемалардың бірі – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндалып, бірқатар мәселелер талқыланды.

Атап айтқанда, ерте жүктілік, құмар ойындарға әуестілік, тұрмыстық зорлық-зомбылық жайында айтылып, білім ордалары бала тәрбиесі бойынша құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста болу қажеттілігі сөз болды.

“Ел болам десең, бесігіңді түзе” демекші, жасөспірімдердің күнделікті жүріс-тұрысына жауапты алдыңғы қатардағы тұлғалар – баланың ата-анасы мен мектептегі оқытушылары. Бұл күрделі әрі өзекті мәселеге полиция бей-жай қарамайды. Бала қауіпсіздігі біздің ұдайы назарымызда.

Маңғыстау облысында полиция тарапынан кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу бағытында жыл басынан бері бірнеше жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіліп келеді. Өз кезегінде ювеналды полиция инспекторлары өздеріне бекітілген білім беру ұйымдарымен үнемі байланыста және күнделікті кездесулер мен рейдтік іс-шаралар өткізіп тұрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру