Маңғыстау облысында борышкерлерден 42 млн теңге айыппұл өндірілді
Маңғыстау облысында 7-30 маусым аралығында республикалық “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталмыш шараның мақсаты – жол қозғалысын қадағалау, әкімшілік айыппұлдарды төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерді анықтау, олардан тиісті айыппұлды ерікті немесе мәжбүрлі түрде өндіру.
Іс-шара барысында Маңғыстау облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері патрульдік полиция батальоны инспекторларымен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда. Осылайша, борышкерлердің жеке бастары анықталып, олардан 42 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілді. Сондай-ақ, жеке сот орындаушыларымен бірлесіп атқарған жұмыстың нәтижесінде 8 автокөлік айыптұраққа қойылып, айыппұлды мәжбүрлеп өндіру үшін сот орындаушыларға 1500 дерек жіберілді.
Учаскелік полиция инспекторлары 3492 қаулы шығарды. Борышкерлердің мекенжайларына таратылды. Жедел-профилактикалық іс-шара маусым айының соңына дейін жалғасатын болады.