Маңғыстау облысында буллингтің алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізілді
Маңғыстау облысында буллингтің алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бейнеу ауданына қарасты Ақжігіт ауылында полиция қызметкерлері, білім бөлімінің өкілдері және Жастар ресурстық орталығының еріктілері бірлесіп, кәмелетке толмағандар арасында буллингтің алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында жасөспірімдердің тұрғылықты мекенжайлары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарына құқықтық кеңестер мен ұсыныстар берілді.
Түсіндіру жұмыстары кезінде бұған дейін өткен профилактикалық жиналыстарда көтерілген мәселелер еске салынып, буллингтің алдын алу шаралары, құқықтық жауапкершілік нормалары, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты қолданыстағы заңнама талаптары қайта түсіндірілді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ ата-аналар мен балалардың заң талаптары мен қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін күшейту.
