Маңғыстау облысында елден тыс жерге 36 шетелдік шығарылды
Желтоқсан айының 6-12 аралығында «Заңсыз келуші» республикалық жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның үшінші күнінде әкімшілік құқық бұзушылықтар аңықталып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің баптарымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды:
– Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін (ҚРӘҚБтК-нің 517-бабы) – 346 шетелдік;
Қоғамдық орындарда тиісу бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 3-бөлігі) – бір шетелдік;
– Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы) – 81 ҚР азаматы тартылды;
– Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тартқаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы) – 14 адам тартылды;
– Сот органдарының шешіміне сәйкес елден тыс жерге 36 шетелдік шығарылды. Соттың шығарып жіберу туралы шешімін орындамай жүрген сегіз шетелдік ҚР аумағынан шығарылды.
– Аталған шара шетелдіктерді тұрақты және уақытша тұратын жері бойынша тиісті есепке алуды және бақылауды қамтамасыз ету, шетелдіктердің елде болу қағидаларын бұзу деректерін анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарын болдырмау мақсатында жүргізілуде, – деп түсіндірді Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев.