Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында есірткі қылмыстарының алдын алу шаралары талқыланды

Маңғыстау облысында "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында есірткі қылмыстарының алдын алу шаралары талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары І.Жұмағұловтың төрағалығымен ПД жанынан құрылған есірткі құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі кеңес мүшелерімен кездесу өтті.

Жиын барысында өңірде есірткі қылмыстарының алдын алу бағытындағы алдағы жоспарлар қаралып, профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Кеңес мүшелері өзара пікір алмасып, бірлескен жұмыстарды жүйелі жүргізу үшін нақты ұсыныстар енгізді. Сондай-ақ жастар арасында түсіндіру жұмыстары мен қоғамдық іс-шараларды кеңінен ұйымдастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Маңғыстау облысы ПД "Заң мен тәртіп" қағидатын басшылыққа ала отырып, есірткі қылмыстарына қарсы күресті күшейтіп, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру