Маңғыстау облысында есірткі қылмысының алдын алу бағытындағы жұмыстар қорытындыланды
Маңғыстау облысы полиция департаментінде есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің 2025 жылы атқарылған жұмыс қорытындысы шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы полиция департаментінде есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің 2025 жылы атқарған жұмыстары қорытындыланды. Кеңес отырысына Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы С.Аяғанов қатысты.
Кеңес отырысы барысында өңірдегі есірткі қылмысының алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар талқыланып, профилактикалық іс-шаралардың нәтижелері сараланды. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер мен басым бағыттар белгіленді.
Жиында кеңес мүшелері жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, салауатты өмір салтын насихаттау, қоғаммен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды күшейту бағытында жүзеге асырылған жобаларды қарастырды. Сонымен қатар ақпараттық-түсіндіру кездесулері, профилактикалық акциялар мен әлеуметтік жобалардың маңызы атап өтілді.
С.Аяғанов есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейтудің қаншалықты қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ қоғаммен тығыз байланыс орнату және жастармен профилактикалық жұмысты жүйелі жүргізу қажеттігін жеткізді.
Кеңес мүшелері есірткі қылмысына қарсы күресте мемлекеттік органдар мен қоғамның бірлескен жұмысы маңызды екенін атап өтті. Бұл бағыттағы профилактикалық шараларды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі айтылды.
Жиын қорытындысы бойынша есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу жұмысын одан әрі жетілдіру және халық арасында құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.
