Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында есірткі тасымалымен айналысқан күдіктілер ұсталды

Маңғыстау облысында есірткі тасымалымен айналысқан күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 қазан күні Маңғыстау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Ақтау қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде 18 жастағы Қарағанды облысының тұрғыны ұсталды.

Тінту жұмыстарын жүргізу кезінде құрамында альфа-PVP синтетикалық есірткі заты бар 210 байлам табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттардың жалпы құны 6,5 миллион теңгеден асады.

Сондай-ақ гашиш есірткі затының 30 байламы тәркіленіп алынды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен СДТБТ-ға тіркелді. Күдікті азамат соттың санкциясымен 2 айға қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Сондай-ақ ірі мөлшерде есірткі тасымалымен айналысқан ақтаулық тұрғын құрықталды.

5 қазан күні Маңғыстау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Ақтау қаласында шағын аудандардың бірінде 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Тінту жұмыстарын жүргізу кезінде құрамында «МДМА» (экстази) синтетикалық есірткі заты бар құны 6 миллион теңгеден асатын бір үлкен целлофан байламы тәркіленді. Белгілі болғандай, күдікті есірткі заттарын Telegram әлеуметтік желісіндегі арна арқылы сатпақ болған.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен СДТБТ-ға тіркелді. Күдікті азамат соттың санкциясымен 2 айға қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру