Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында "Halyk Zańgeri" республикалық акциясы өтті

Маңғыстау облысында "Halyk Zańgeri" республикалық акциясы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету мақсатында "Halyk Zańgeri" республикалық әлеуметтік акциясы өтті.

Шара барысында өңірдің үздік заңгерлері мен мемлекеттік органдардың өкілдері, соның ішінде Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері азаматтарды қабылдап, өзекті құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес берді.

Іс-шараға Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Уразбаев және департамент қызметкерлері қатысып, тұрғындарға қолданыстағы заңнама нормаларын егжей-тегжейлі түсіндірді.

— Акцияның басты мақсаты — құқықтық көмекті баршаға қолжетімді ету. Адам заңның өз жағында екенін сезінгенде, сенімділік пен қорғаныш табады. Мұндай бастамалар мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтуға ықпал етеді, — деді Руслан Уразбаев.

"Halyk Zańgeri" акциясы заңгерлер, мемлекеттік органдар мен азаматтар арасында ашық диалог алаңына айналды. Осындай шаралардың нәтижесінде тұрғындар нақты құқықтық көмек алып, қоғамда әділдік пен құқықтық мәдениет деңгейі арта түсуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру