Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында ІІО ардагерінің құрметіне орай оқушыларға тәрбие сағаты өтті

Маңғыстау облысында ІІО ардагерінің құрметіне орай оқушыларға тәрбие сағаты өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылтөбе ауылындағы №2 жалпы білім беретін мектеп КММ-де бейбіт елдің батыры, ішкі істер органдарының ардагері Қалдыбай Батырхановтың құрметіне арналған ашық тәрбие сағаты өтті. Іс-шара батырдың есімі берілген ерлік кабинетінде ұйымдастырылды.

Тағылымды шараның мақсаты — ел қорғаған қаһарман азаматтардың ерлігін жас ұрпаққа үлгі ету, отансүйгіштік пен елге қызмет етудің маңызын насихаттау. Шара барысында Қалдыбай Батырхановтың өмір жолы, қызметтік борышы мен ерлікке толы қызметтік кезеңдері кеңінен баяндалды.

Іс-шараға батырдың анасы Батырханова Оразхан әже, Мұнайлы аудандық ішкі істер органдары ардагерлерінің төрағасы Сабит Сисенов, Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ батырмен бірге қызмет атқарған әріптестері мен мектептің әскери-патриоттық ұйымының жетекшісі қатысты.

Тәрбие сағаты жас ұрпақтың бойына елге деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған мазмұнды шара болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру