Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселесі талқыланды

Маңғыстау облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселесі талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Ұлттық банкінің Маңғыстау облысы бойынша филиалында “Интернет-алаяқтық қылмысының алдын алу, мәселелі сұрақтарды шешу жолдарын қарастыру” тақырыбы аясында дөңгелек үстел өткізілді. Жиынға өңірлік полиция департаменті бастығының орынбасары И.Жұмағұлов және Ұлттық банктің жергілікті филиалы басшысының орынбасары Н.Сүгіров төрағалық етті.

Дөңгелек үстелге ПД “Киберпол” жедел-тергеу тобының қызметкерлері, прокуратура өкілдері, екінші деңгейлі банк басшылары, сондай-ақ қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Ақтау қаласындағы басшысы Н.Машанов қатысты.

Ильяс Байжұманұлы банктік қызметтерді пайдалана отыра жасалатын интернет-алаяқтық қылмысының алдын алу мәселелері туралы айтып өтті. Аталған қылмыс түрін сотқа дейінгі тергеп-тексеру бағыты бойынша да сөз қозғалды.

Жалпы, жыл басынан бергі көрсеткішке сүйенсек, облыста 149 интернет-алаяқтық деректері тіркелген. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, алаяқтардың құрбандары, көбіне — зейнеткерлер мен орта жастағы жұмыссыз азаматшалар, жастар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру