Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында интим суреттерді таратамын деп ақша бопсалаған күдікті ұсталды

Маңғыстау облысында интим суреттерді таратамын деп ақша бопсалаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

2025 жылдың 26 қаңтарында шамамен 14:50-де Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Жаңаөзен қаласының Шаңырақ ықшамауданында жылдам әрекет ету арнайы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру шараларын өткізді. Нәтижесінде 2004 жылы туған Жаңаөзен қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 194-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінді.

Тергеу барысында күдікті өзінің танысына интимдік фото және видеоматериалдарды жариялаймын деп қорқытып, одан 600 мың теңге бопсалағаны анықталды. Қылмыстың мән-жайы тергеу әрекеттері барысында анықталуда.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тінту кезінде күдіктіден қылмыс жасалғанын растайтын айғақ заттар, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған 300 мың теңге тәркіленді.

Полиция қызметкерлері күдіктінің кінәсін толық анықтау үшін қажетті тергеу іс-шараларын жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру