Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында ірі көлемде есірткі сақтаған тұрғын бас бостандығынан айырылды

Маңғыстау облысында ірі көлемде есірткі сақтаған тұрғын бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түпқараған ауданының аумағында полиция қызметкерлері ірі көлемде есірткі затын сақтау дерегін анықтады. Тергеу барысында күдіктінің тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізіліп, нәтижесінде есірткіге ұқсас шөп тектес заттар табылды.

Тінту барысында аулада орналасқан ескі сейфтің ішінен арнайы полиэтилен пакеттерге оралған 20 зат, сондай-ақ құтыға салынған заттар табылып, заң талаптарына сәйкес мөрленіп, заттай дәлелдеме ретінде алынды. Күдікті тергеу барысында бұл заттарды жеке пайдалану мақсатында сақтағанын мойындады. Барлық алынған затқа сот-сараптамасы тағайындалды.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі және 297-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Сот процесінің нәтижесінде күдіктіге 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтауға және заңсыз әрекеттерден аулақ болуға шақырады. Есірткі заттарын сақтау, тасымалдау немесе өткізу әрекеттері заңмен қатаң жазаланады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру