Маңғыстау облысында көлік моторын алмақ болған азамат ақшасынан айырылды
Маңғыстау облысында көлік моторын алмақ болған азамат ақшасынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18-20 сәуір аралығында облыс аумағында республикалық “Anti-fraud” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Шара барысында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы полиция бөлімінің полицейлерімен Telegram әлеуметтік желісінде белгісіз адам жергілікті тұрғынды автокөлікке қозғалтқыш мотор алып беремін деп сендіргенін және уәдесін орындамағанын анықтады. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын 100 мың теңгені құрады.
Криминалдық полиция қызметкерлері 26 жастағы күдікті азаматтың жеке басын анықтап, ұстады.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша Бейнеу ауданы полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.