Маңғыстау облысында көлік жүргізуші түйеге соқтығысты: 2 адам көз жұмды
Маңғыстау облысында көлік жүргізуші түйеге соқтығысып қалды. Салдарынан екі адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz
23 қазан күні сағат 21:10 шамасында Lada XRАУ автокөлігінің жүргізушісі Бейнеу ауылынан Шетпе ауылы бағытына қарай қозғалып келе жатып, республикалық маңызы бар тас жолдың 93-шақырымында екі түйеге соқтығысты.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Аталған дерек Бейнеу ауданы ПБ СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.
– Құрметті облыс тұрғындары, мал шаруашылық иелері, қараусыз қалған малдардың салдары осындай адам шығынына әкелген қайғылы жағдайларға душар етіп отыр. Сіздерден жарықшағылыстырғыш ленталарды пайдаланып, барлық қауіпсіздік шараларын қабылдауларыңызды сұраймыз, – деді Маңғыстаулық полицейлер.