Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында мекеме бастығын зейнеткерлік демалысқа шығарып салды

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД-да түзеу мекемесінің бастығын зейнеткерлік демалысқа шығарып салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ұжымы ГМ-172/6 мекемесінің бастығы Айтбай Кенженов зейнеткерлік демалысқа шығарып салды.

Айтбай Жәнібекұлы – жоғары білімді қызметкер. Құқық қорғау органдары саласындағы қызметін 1994 жылдан бастаған. Қызмет барасында аға басшы құрамның әртүрлі лауазымдарында қызмет атқарған. 2021 жылдың наурыз айынан бастап Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД ГМ-172/6 мекемесінің бастығы лауазымына тағайындалған. Саналы ғұмырын құқық қорғау саласына арнап, әріптестерінің ортасында адал еңбекті жанына міндет еткен қызметкер ретінде таныла білді.

Салтанатты іс-шара барысында департамент бастығы Алтынбек Қалиев жеке құрам атынан А.Кенженовке ізгі тілектер мен жылы лебіздер айтып, шапан жапты, естелікке бағалы сыйлықтар табыстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру