Маңғыстау облысында "Мотоцикл" жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде
- Іс-шараның мақсаты мотокөлік құралдары жүргізушілерінің тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу болып табылады, - деп атап өтті Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Ж.Бақтыбаев.
Сонымен қатар, түнгі уақытта тыныштықты бұзу фактілерінің жолын кесу, сондай-ақ басып озу және белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру, мемлекеттік техникалық байқаудан өтпеген көлік құралдарын басқару сияқты құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Іс-шараның бірінші күні мотокөлік жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзудың 18 фактісі анықталды, оның ішінде:
- 11 - ҚР ӘҚБК 593-бабы "Мотокөлік құралдарын пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу" бойынша;
- 1 көлік құралын тиісті құжаттарсыз жүргізу фактісі - ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша;
- ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабына сәйкес маневр ережелерін бұзудың 2 фактісі.
- Төрт "Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" - фактісі ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі бойынша;
- Бір факт - көлік айып тұрағына жеткізілді.
- Іс-шара барысында Ақтау қаласының патрульдік қызмет батальоны, облыс департаментінің патрульдік полиция ротасы қызметкерлері мотоцикл жүргізушілерімен Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтау бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, - деп еске салды Жанарбек Бақтыбаев.