Маңғыстау облысында ПД бастығы азаматтарды жеке қабылдады
Маңғыстау облысында ПД бастығы азаматтарды жеке қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысында полиция департаментінің басшысы жыл қортындысын бөлісті. Аймақтың бас полицейі 100-ден аса азаматы жеке қабылдады. Полиция департаментінде азаматтарды қабылдау шаралары тұрақты түрде, белгіленген кестеге сәйкес жүйелі өткізеді.
Жыл басынан бері Сағындық Аяғанов 100-ден аса азаматтың мәселесін тыңдап, жеке қабылдады. Ал орынбасарлары 50-ден астам азаматтың шағымына көңіл аударды. Қалалық, аудандық полиция басқарма, бөлім басшылары 50 шақты қабылдау өткізіп, 100-ден аса азаматтың арыз-шағымына назар аударды.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы Сағындық Аяғанов жылды қорытындылап, азаматтармен жылдың соңғы жеке қабылдауын өткізді. Полиция басшылығының жеке қабылдауына құқықтық даулар мен қылмыстық істерді тергеу, алаяқтық қылмысы, кадр мәселелері бойынша әртүрлі сұрақтармен тұрғындар келді. Әрбір азамат өз сұрақтарына жеке жауап алып, тиісті көмек көрсетілді.
Департамент басшылығы назарға алып, нұсқаулар берілді. Тұрғындар полицияның көмегі мен қамқорлығына өз алғыстарын білдірді. Жеке қабылдау - тұрғындардың нақты мәселелерін тыңдап, тез арада мәселенің жауабын шешуге, халыққа жақын болуға мүмкіндік береді.
