Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында ПД бастығының жетекшілігімен жеке құрамның саптық жиыны өтті

Маңғыстау облысында полиция департаменті бастығының жетекшілігімен жеке құрамның саптық жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.     

Маңғыстау облысында полиция департаменті бастығының жетекшілігімен жеке құрамның саптық жиыны өтті. Іс-шара барысында департамент басшысы бөлімшелердің дайындығын, қызметтік тәртіптің сақталуын тексеріп, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді айқындады.

Полиция департаменті бастығының басты тапсырмасы – алдағы мейрам күндері қарсаңында ішкі істер органдарын күшейтілген қызмет атқару тәртібіне көшіру болды. Осыған сәйкес, көшелерде, азаматтар көп шоғырланатын орындарда және жол қозғалысы бағыттарында полиция жасақтарының саны арттырылып, азаматтардың өтініштеріне жеделден қою мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету тапсырылды.

Саптық жиын шеңберінде қылмыстық-атқару жүйесі комитеті күніне орай өткен футбол турнирінің қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар марапатталды. Жарысқа өңірдің күш құрылымдарынан 17 команда қатысып, оның нәтижесінде Маңғыстау облысы полиция департаментінің жедел қимылдайтын арнайы жасағы 1 орынды иеленді.

Марапаттау саптық байқау барысында департамент бастығы жеңімпаздарды жеке құттықтап, әрбір қатысушыға матчтағы жеңісі мен белсенді қатысқаны үшін марапаттарын табыстады.

Маңғыстау облысының полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бағытындағы кешенді шараларды жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру