Маңғыстау облысында полиция есірткі таратумен айналысқан күдіктіні ұстады
Маңғыстау облысында полиция есірткі таратумен айналысқан күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Ақтау қаласында 32 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол Telegram мессенджері арқылы аса ірі көлемде мефедрон синтетикалық есірткісін таратумен айналысқан.
Тінту барысында күдіктінің өзімен бірге синтетикалық есірткі мен оны жасырып кету жұмысына қатысты мәліметтер сақталған телефон тәркіленді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігіне (есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу және сақтау, сату мақсатында) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.