Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында полиция мен қоғам арасындағы өзара байланыс күшейтілуде

ПД  бастығы Сағындық Аяғанов өңірде полиция мен қоғам арасындағы өзара байланысты күшейту мақсатында іс-шаралар жүйелі жүргізіліп жатқанын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция үшін ең басты құндылық — халықтың сенімі. Полиция қызметкері әрдайым адал, әділ және жауапты болуы тиіс. Бұл — қызметтік жұмыстың негізгі қағидасы.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы ІІМ қоғам өкілдерінің қатысуымен "Адал полиция" акциясын жүзеге асыруда. Аталған бастама Маңғыстау облысының аумағында да жүйелі түрде өткізіледі.

Акцияның басты мақсаты — полиция мен қоғам арасындағы ашықтықты арттыру, қызметтік міндеттерді орындауда жауапкершілікті күшейту және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне жол бермеу.

Акция аясында өңірдегі қызметтік автокөліктерде және ішкі істер органдарының ғимараттарында орналасқан QR-кодтар жаңартылды. Қала тұрғындары QR-кодты сканерлеу арқылы полиция қызметкерлерінің жұмысына баға бере алады, өз пікірін, ұсынысын немесе шағымын жолдай алады.

Департамент бастығы Сағындық Аяғанов әрбір өтініш, шағым немесе сигнал назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Барлық деректер бойынша жедел әрі қағидатты шаралар қабылданады. Қызметтік тәртіпті, заңнаманы немесе кәсіби әдеп нормаларын бұзу деректері заң талаптарына сәйкес қатаң қаралады.

— Біздің міндетіміз — тек қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар азаматтардың сенімін нығайту. Полицияның күші — заңда ғана емес, қоғамның қолдауында, — деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру