Маңғыстау облысында полиция қызметкерлері Республика күнін атап өтті
Маңғыстау облысы полиция департаментінде Республика күнін қарсаңында салтанатты іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұлттық мерекеге орай ұйымдастырылған шара барысында өңірдің бас полицейі Сағындық Аяғанов қызметтік міндеттерін мінсіз атқарған бірқатар полиция қызметкеріне марапаттарын табыстады. Ішкі істер министрінің және департамент бастығының бұйрықтарымен 86 қызметкер төсбелгілер, грамоталар мен алғыс хаттармен марапатталды.
Іс-шара тәртіп сақшыларымен арнайы дайындалған концерттік нөмірлермен жалғасын тапты.