Маңғыстау облысында полиция тұрғыннан ақша бопсалағандарды ұстады
Маңғыстау облысында полиция тұрғыннан ақша бопсалағандарды анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысының полиция департаменті "Заң және Тәртіп" қағидаты бойынша жұмысын жалғастыруда.
29 мамырда Маңғыстау облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғыннан ақша талап еткен деп күдік туғызған екі азаматты ұстады.
Мамыр айында ұсталғандар зорлық-зомбылық қолданып, автокөлікті жалға алуға байланысты төленбеген қарыздары үшін 250 мың теңге алуға тырысқаны анықталды.
Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша қамау изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Барлық іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.