Маңғыстау облысында пробация есебінде 1300-дей адам тұр
Маңғыстау облысында пробация есебінде 1300-дей адам тұр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу аясында пробация қызметінің қызметкерлері пробация есебінде тұрған адамдарға, оның ішінде түрлі құқық бұзушылықтар жасауға бейім, тәуекел тобына жататын адамдарға түнгі тексерулер жүргізуде.
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Алтынбек Қалиев атап өткендей, бүгінгі таңда өңірдің пробация қызметінде барынша көп көңіл бөлінген адамдар тобы анықталды. Құқық бұзушылыққа бейім адамдардың тізімі жасақталды. Бұл тізім жергілікті полиция бөлімдеріне берілді, пробация қызметтеріне бірлесіп тексерулер жүргізетін мекемелер мен департаменттен қосымша қызметкерлер бөлінді.
– Өткізілетін іс-шаралар құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға бағытталған. Бұл іс-шаралар нәтижелі болатынына сенімдіміз, – дейді ведомство басшысы А.Қалиев.
Айта кетейік, Маңғыстау облысында бес аудан мен екі қала бар. Пробация есебінде 1300-дей адам тұр